Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

24 Қаңтар 2017, 16:04
3
Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады - © Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Есеп комитет төрағасы Қазақстан Президентін "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заңның іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Сонымен бірге, Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Есеп комитетіндегі және мемлекеттік аудит нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді.

Соңында Есеп комитетінің төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай