24 қараша 2014 18:49

Назарбаев еуразиялық ықпалдастықтың алғашқы нәтижелерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сауда жөнінен белгілі бір қиындықтар бар, өйткені елдеріміздің импорттық және экспорттық тауарлары құнының төмендеуі байқалып отыр. Соған қарамастан, нақты көлем бәрібір ұлғайып, интеграциялық үдерістер нығайып келеді, бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр. Осының барлығы біздің елдеріміздің ықпалдастығының біртіндеп дамып келе жатқандығын білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.

Нарышкин Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жолдап, Ресей халқының еуразиялық ықпалдастық идеясының кімдікі екенін білетінін атап өтті. 

"Бұл – елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз екенін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дәрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз және бағалаймыз, – деді РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы.

Нарышкиннің Астанаға "Президент. Парламент. Интеграция" атты конференцияға қатысу үшін келгенін айта кету керек. Оның айтуынша, келесі жылдың күзінде Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ әрекеттерінің алғашқы нәтижелері талқыланатын болады. 

Кездесуде тараптар екі елдің заң шығарушылары арасындағы диалогты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети