10 қазан 2018 16:04

Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы жүздесуінің ерекше маңызын атап өтіп, съезд жұмысына қатысқаны үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысына ризашылық білдірді.

"2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенін білесіз. Біз бұл ұйымның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткіздік. Оның нәтижесі бойынша маңызды декларация қабылданды", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ықпалдастық пен кооперацияны одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты.

Т.Гремингер Қазақстан Президентінің өңірлік қақтығыстарды реттеу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети