Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Германия сыртқы істер федералдық министрімен кездесті

10 Қаңтар 2015, 00:06
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде Германияның сыртқы істер федералдық министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың басым тұстары мен Украинаның шығысындағы ахуалды реттеу шаралары талқыланды. Астанада Украина, Ресей, Германия және Франция президенттерінің қатысуымен өтуі ықтимал кездесудің бірқатар алғышарттары жөнінде байыпты пікір алмасылды.

"Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы болашағы бар жобалар мен екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы туралы да сөз қозғады. Германия сыртқы істер федералдық министрі екіжақты экономикалық қатынастар оң қарқында дамып келе жатқанына тоқтала отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы "тұрақтылық тұтқасы" болып саналатынын атап өтті", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Германияға сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелерін, сондай-ақ Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шараларын талқылаған еді. Екі мемлекеттің көшбасшылары Минск уағдаластығын тараптардың мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұның тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай