06 қазан 2014 16:08

Назарбаев Горбачевтің келешекті болжай алмағандығы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Горбачев. ©zn.ua Михаил Горбачев. ©zn.ua

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевтің келешекті болжай алмайтындығына дәлел болатын КСРО тарихының кейбір сәттері туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевтің келешекті болжай алмайтындығына дәлел болатын КСРО тарихының кейбір сәттері туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл жүйеде жұмыс істедім - кеңес кезеңінде социализмді өзгертіп, ары қарай жылжуға болады деп есептеген Горбачев реформаларын сынаушылардың бірі болдым. Оның "адам келбеті бар социализм" деген сөзі болды. Оның не екенін ешкім түсінбейтін. Бәлкім, экономикаға жақын дегенді айтқысы келген шығар. Бірақ егер мемлекеттік компаниялар корпоративтік нарықтық қағидалармен басқарылатын болса, бұл проблема, өздеріңіз көргендей, табысты шешілер еді", - деді Назарбаев "Самұрық-Қазына" трансформациясы форумында.

Ол Қазақстан үшін Қытайдың мемлекеттік компаниялары анағұрлым жарқын үлгі бола алатынын айтты.

"Мен Горбачев реформалары тұралай бастап, оның ешқайда апармайтынын көрсеткен кезде бұдан шығар жолды іздеп, шарқ ұрдым. Мен оған жақын болдым, кеңестер айтуға тура келді. "Егер сізде ешқандай бағдарлама, стратегия болмаса, Қытайға көңіл аударайық" дедім. Сондай мемлекеттік құрылымға, іс жүзінде тәртіптің қаңқасы болған коммунистік партия сияқты жетекші күшке ие бола отырып, Орталық комитеттің қаулысын қабылдап, партияға нарықтық реформалар жүргізуді бұйыруға болатын еді. Партия оны жүргізер еді, сондай тәртіп болды. Бірақ ол: "Қытай деген біз үшін кім, біз - Кеңес одағымыз, Қытайға теңесуге бола ма? Бұл бізге жарамайды деді. Шын мәнінде, Қытайда жүргізілген реформалар жақсы нәтиже берді. Ары қарай қалай болатынын тарих көрсетеді, бірақ жетістігі көзге анық көрініп тұр", - деді Қазақстан Президенті. 

Еске сала кетейік, бүгін форум барысында белгілі экономист Ицхак Кальдерон Адизес те посткеңестік кеңістік елдерінің негізгі проблемалары туралы айтқан еді. Ол "кеңестік мұраның" салдарынан бұл кеңістікте экономиканың "ұйқы" режимінде тұрғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети