05 мамыр 2015 23:31

Назарбаев Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kazembassy.ru ©Kazembassy.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның инженерлік академиясының дамуына және ТМД елдерінің ғылыми, инженерлік-техникалық қоғамдастықтарының нығаюына елеулі үлес қосқан үшін"Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның инженерлік академиясының дамуына және ТМД елдерінің ғылыми, инженерлік-техникалық қоғамдастықтарының нығаюына елеулі үлес қосқан үшін"Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық инженерлік академиясының президенті Борис Гусев құрметті белгісін тапсыра тұра, Нұрсұлтан Назарбаевты жақында өткен президент сайлауында үздік жеңіспен құттықтады және Елбасының кеңес одағынан кейінгі кеңістігінде инженерлік ғылымды дамытудағы маңызы зор деп мәлімдеді.

Академияның наградасын Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжин қабыл алды. Елшінің айтуынша, бұл марапат - Елбасының кеңес одағынан кейінгі кеңістігінде маңызды ғылыми және инженерлік жобалардың дамуына қосқан едәуір үлесінің нақты көрсеткіші. "Қазіргі кезде Халықарлық инженерлік академия қызметінің маңызы ерекше зор, себебі ағымдағы еуразиялық экономикалық интеграция үдерісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттері инженерлік мектептерінің тығыс байланысын, инженерлік кадрларды сапалы даярлауын және ірі инфрақұрылымдық және салааралық жобаларын іске асыруын талап етуде", - деді Тәжин.

Академияда құрылған Алмас белгісі - инженерлік қызметтегі қоғамдық құрметтеудің және кәсіби озаттықтың ең жоғарғы нысаны. Тәртіп бойынша ғалымдар, инженерлер, өндіріс саласының өкілдері, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қызметтегі ерекше жетістіктер үшін аталмыш белгімен марапатталады.

Халықаралық инженерлік академиясы (ХИА) Кеңес Одағының Инженерлік академиясының құқықтық мирасқоры болып саналады. ХИА-ға бірқатар шет елдік ұлттық инженерлік академиялар кіреді. Қазіргі таңда ХИА-ға 40 елдің 1300 өкілдері мүшелік етуде, олардың қатарында - шет елдердің президенттері, үкімет басшылары, атақты ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ірі өнеркәсіптік және ғылыми құрылымдарының басшылары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети