Назарбаев халықаралық жамбы ату турнирін тамашалады

13 Тамыз 2017, 16:09
0
Назарбаев халықаралық жамбы ату турнирін тамашалады - © expo2017culture.kz
© expo2017culture.kz

Мемлекет басшысы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан "Алтын жебе" халықаралық турнирін тамашалады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

 
 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай