11 ақпан 2015 13:52

Назарбаев халықтың ақшасын аста-төк мерейтойларға жұмсамауды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ақшасын аста-төк мерейтойларды өткізуге жұмсамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ақшасын аста-төк мерейтойларды өткізуге жұмсамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз өткізетін сондай мегажобаларды, түрлі мерейтойларды сығымдауға болады. Оның орнына балаларды оқытып, емдету керек. Мерейтойларға бізде бір жалпыұлттық махаббат бар. Мерейтой болса, бәрі соған жүгіреді. Жиналыстарға қатысып, банкеттерде отырып жатады. Біз өткізетіндей мерейтойлар әлемнің қай жерінде бар?" - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысы ұлы даталарды басқаша атап өту керектігін айтты: олар туралы баспасөзде, телеарналарда айтып, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу керек. "Ғаламдық той ұйымдастырып, далаға мың киіз үй тігу той иесіне не береді, айтыңыздаршы? Бүгінде даңқты ата-бабаларымызды қазіргі заман жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасында қалдыруға болады, онымен ешнәрсе теңесе алмайды", - деді ол.

"Сондықтан, Бердібек, сен мұның бәріне қара, мен өткізуге қарсы емеспін. Егер ата-бабасына құрмет көрсеткісі келсе, оны демеушілер өткізсін, ешкім қарсы емес. Неге біз оған мемлекеттің, халықтың ақшасын жұмсауымыз керек?" - деді ол вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети