Назарбаев инвесторларды "итеріп тастайтындарды" жұмыстарынан босатамын деп қорқытты

06 Желтоқсан 2016, 17:37
0
Назарбаев инвесторларды "итеріп тастайтындарды" жұмыстарынан босатамын деп қорқытты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды "итеріп тастайтын" шенеуніктерді жұмыстан босататынын айтып қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Трансұлттық компаниялармен қарым-қатынас жасамай, экспорттарын арттыра алған бірде-бір дамып жатқан елді білмеймін. Оларда дайын нарық бар, технология бар, мүмкіндіктер де бар. Сондықтан үкіметтегілерге трансұлттық компанияларды өзімізге қалай тартуға болатынын ойластыруды тапсырамын. Мен шетелдік инвесторлармен кездесулер жүргізіп жатырмын, келісіп те жатырмын. Олар болса маған: "Біз Қазақстанға келеміз" дейді. Кейін инвесторлар бізге келеді. Біреуі бір министрлікке барады, екіншісі тағы біреуіне барады. Алайда олар біздің шенеуніктеріміздің арқасында дәліздерде жүгіріп жүреді. Содан олар Қазақстаннан кетіп қалады", - деді Қазақстан Президенті жалпыұлттық телекөпір барысында.

"Сондықтан да мен ескертемін: мен былтыр осы мәселе бойынша кімдермен сөйлестім, солар қажетті жұмыстарды жүргізуі қажет. Жазбаша түрдегі есепті маған тапсырасыңдар. Және де инвесторларды итеріп тастайтын адамдар жұмыста маған керек емес. Мен оларды да итеріп, жұмыстарынан босататын боламын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай