01 шілде 2016 12:07

Назарбаев Исекешевке алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Elana.kz © Elana.kz

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша жиынға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Соңғы алты жылда көп жұмыс атқарылғанын айтқым келеді. Сол атқарғаны үшін осында отырған Әсет Орынтайұлына алғыс білдіремін. Ол Қазақстандағы индустриализацияны енгізудің "пионері" болды. Барлық дерлік индустриалдық елге барып келді. Әрине, мүлт кеткен тұстар да болды. Бірақ жалпы алғанда алғашқы қадамды бастық. Оған алғыс білдіріп, жаңа жұмысымен құттықтайық, алған тәжірибесін ол біздің елордамызға енгізеді, бұл бүкіл еліміз үшін көрсеткіш болады", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбекті құттықтады. "Ол Әсетпен бірге бірінші орынбасары ролінде жұмыс істеді. Тәжірибесі, талабы бар, жас. Міне, сондықтан ол кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, істі жалғауы керек. Сәттілік тілейміз (...)", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети