Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев жаңа мәжілісмендермен кездесті

24 Наурыз 2016, 19:48
10
© akorda.kz
© akorda.kz

Мемлекет басшысы VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутаттармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасы депутаттарды сайлануларымен құттықтап, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар "Нұр Отан" партиясына Мәжіліс қана емес, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да қолдау көрсеткенін атап өтті. Қазақстан Президенті сайлауалды тұғырнамадағы мақсаттарға жету үшін партияның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктелетінін айтты.

"Біз "Нұр Отанның" әрқашан да нақты істер партиясы екенін дәлелдей алатынымызға сенімдімін. Сондықтан Парламент, Үкімет және Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия нақты әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тұтастық пен өзара түсіністік арқылы ғана шешетін боламыз. Біздің барлық реформаларымыздың табыстылығы осыған байланысты. Дағдарыс кезеңі – тың өзгерістер жасайтын кез. Біз ештеңеге қарамастан, осыны қолға алдық. Сондықтан сіздерге бірінші күннен-ақ бұл жұмысқа кірісу керек болады", - деді Қазақстан Президенті.  

Кездесу барысында "Нұр Отан" партиясының Парламенттегі фракциясының мүшелері Г.Щегельский, М.Айсина және Б.Мәкен сөз сөйледі. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай