Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев мықтылар ұлты және адамдардың жауапкершілігі мол болуы үшін не қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің осыған дейінгі реформалар кең масштабты жұмыстарды қамтиды және бұл тек мемлекетке ғана қатысты емес барша қазақстандықтарға арналғанын жеткізді.
"Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады", - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласының кіріспесінде.
Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының толық нұсқасы.