22 желтоқсан 2017 | 13:36

Назарбаев Жээнбековпен Ақордада кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды 24.kg.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды 24.kg.

"25-26 желтоқсан күндері ҚР басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Сооронбай Жээнбеков Астанаға ресми сапармен келеді", - делінген хабарламада.

Портал мәліметінше, жекелей келіссөз бен кеңейтілген форматтағы жиын жоспарланған. Тараптар қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы тәртібі және шекара демаркациясы бойынша құжаттарға қол қояды.

"Қазақстанмен шекара 1 мың 241 шақырым. Демаркациялық жұмыстар аяқталды. Құжатқа қол қойылғаннан кейін заң рәсімі аяқталады", - деп келтіреді басылым Қырғызстан президенті аппаратының ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Айзада Субақожоеваның сөзін.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Минск қаласында қырғыз тарапының өтініші бойынша Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізген болатын. Сол кезде Елбасы Қырғызстан Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған еді.

"Екі ел арасындағы туысқандық әрі бауырластық қарым-қатынасты орнына келтіру қажет. Бұл жерде екі халықтың мүддесі тұр", - деген еді сол кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети