Назарбаев Желідегі анонимдер жайлы пікірін айтты

29 Сәуір, 17:48
0
Назарбаев Желідегі анонимдер жайлы пікірін айтты - Фото ©РИА Новости
Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Желіде ұлтаралық араздықты қоздыруға тырысатын анонимдердің әрекеті жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Заманымызда коммуникациялық технологиялар дамып жатыр. Шүбәсіз жақсылықтармен қатар, ол кері әсерін де тигізеді. Сандық коммуникация мүмкіндігін этникалық және дінаралық араздықты қоздырып, тіпті, теракт жасауға шақыру үшін пайдаланады. Желіде өз беттерін жабық ұстайтын олар заңнан қашып құтыламыз деп ойлайтын шығар. Бірақ қаша алмайды! Мемлекеттің осыған қарсы батыл шешім қабылдауы керек", - деді Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында. 

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр. 

Сессия жұмысына 1500-нан аса адам қатысып жатыр. Олардың ішінде Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, әкімдік, саяси партиялар, діни бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссия өкілдері бар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай