06 тамыз 2014 12:24

Назарбаев: Жемқорлықтың бәрі - мемлекеттік сатып алуларда

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сатып алулармен жұмыс істеуді тәртіпке келтіру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сатып алулармен жұмыс істеуді тәртіпке келтіру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің тапсырмаңыз бойынша бизнеске мемлекеттік сатып алуларды қолжетімді ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың қатары 30 мыңға көбейді. Өткізілген конкурстардың саны алғашқы қадамнан-ақ екі есе өсті, рәсімдерді бұзу деректері үш мыңға кеміді", - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"Мемлекеттік сатып алулар электронды конкурстан басқа да жолдармен өткізіле ме?", - деп сұрады Мемлекет басшысы.

"Бізде электронды және тендер түріндегі конкурстар бар, бірақ қазір сатып алулардың бәрі электронды форматта жүргізіледі", - деп жауап берді Сұлтанов.

"Міне, заңбұзушылықтардың, жемқорлық әрекеттерінің бәрі - сол жерлерде, ал біз оны электронды форматқа көшірген болатынбыз. Бұл дұрыс, ол бизнес жүргізу істерін жақсартуға ықпал етуі тиіс. Мемлекеттік сатып алулар негізгі мәселе болып тұр, енді оның бәрін аяғына дейін электронды форматқа жеткізу қажет, адамдардың қатысы болмауы үшін Интернет арқылы жүргізу керек", - деді Назарбаев.

"Бүгінде біз жаңа заң жобасын жасадық, ол рәсімдерді одан әрі жеңілдететін болады", - деді Сұлтанов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети