Назарбаев ЖІӨ-ні есептеудің жаңа әдісін қабылдауды ұсынды

16 Маусым 2017, 17:31
0
Назарбаев ЖІӨ-ні есептеудің жаңа әдісін қабылдауды ұсынды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ішкі өнімді есептеудің жаңа әдісін қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде халықаралық күн тәртібіне жалпы ішкі өнімді есептеудің жаңа әдістеріне қатысты мәселені қою керек. Біз жиі қолданатын индикатор ол - жалпы ішкі өнім. Оның жеткілікті кемшіліктері бар. ЖІӨ экономикалық жағдайды толық көрсетпейді, ол қоршаған ортаға тиіп жатқан шығындарды, табиғи ресурстардың таусылуы сияқты мәселелерді ескермейді", - деді Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан экономикалық форумның пленарлық отырысында. 

Назарбаевтың айтуынша, жалпы ішкі өнім белгілі бір елдегі өмірдің сапасын көрсетпейді.

"Жалпы ішкі өнім азаматтардың әл-ауқатын көрсетпейді, олардың табыстарының қалай жіктелетінін ескермейді. Осылайша, жалпы ішкі өнім экономикалық өсім жайлы жалған мәлімет береді. Сондықтан жалпы ішкі өнімді есептеудің жаңа әдісін қабылдау керек деп ойлаймын. Ол нақты қажеттіліктерді айқын көрсетуі керек", - деді Қазақстан Президенті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай