06 мамыр 2015 14:20

Назарбаев жоғары әскери және арнайы атақтарды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елбасы жоғары әскери және арнайы атақтарды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елбасы жоғары әскери және арнайы атақтарды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызмінің мәліметінше, Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кезекті жоғары әскери және арнайы атақтар мен сыныптық шендер тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Қазақстан Президенті ұлттық армия ел тәуелсіздігі мен тұтастығының тірегі екенін атап өтті.

"Сіздер мінсіз қызметтеріңіз арқылы жас буынға патриоттықтың үлгісін көрсетесіздер, мұны мемлекет жоғары бағалайды. Наградаға ұсынылғандар қатарында Қарулы Күштермен бірге құқық қорғау саласы мен арнайы органдардың өкілдері бар. Олардың негізгі қызметі - елдегі тыныштықты сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнайы атақтар тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа атақ алғандарды тағы да құттықтап, олардың Отанымызға лайықты қызмет ететініне сенім білдірді.

Марапатталғандар Мемлекет басшысының қолынан атақ алу үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сондай-ақ Отанымызға және Қазақстан халқына қызмет ету үшін бар күштерін жұмсайтындарына сендірді.

Рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы О.Бижановқа берілді.

Генерал-майор әскери атағы Қ.Ақтановқа, Т.Дәндібаевқа, А.Қаскелеңовке, Қ.Мыңжановқа, Қ.Садықовқа, М.Таласовқа, Р.Шпекбаевқа тапсырылды.

Авиация генерал-майоры әскери атағы Д.Қосановқа;

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атақтары А.Ақшаевқа, А.Кенжебековке С.Құрманалиевке, Н.Мажиловке, Н.Нұрсипатовқа;

Полиция генерал-полковнигі арнайы атағы Қ.Қасымовқа;

Полиция генерал-лейтенанты арнайы атағы М.Демеуовке;

Полиция генерал-майоры арнайы атағы М.Аблазимовке, Ж.Бақтыбаевқа, Б.Бисенқұловқа, М.Қожаевқа, М.Ұрымхановқа;

3 сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені Н.Әбдіровке, М.Исадиловке, Ғ.Миразовқа, Б.Тайымбетовке, Т.Тәшімбаевқа, И.Тілеуғалиевке, Ғ.Тоғызбаевқа берілді.

Айта кетейік, бұл кездесу барысында Назарбаев генералдардан көңілін қалдырмауды сұрады. "Жаңа атақ алу, әсіресе генералдық атақ алу - зор мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл - сіздерге, сіздердің тәлімгерлеріңіз бен қарамағыңыздағыларға, жақындарыңыз бен достарыңызға деген құрмет. Сіздер өмірде осы жолды таңдап, тоғыздан кешкі алтыға дейінгі жұмыс күнімен шектелмейтін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Отанға қызмет тәулік бойы қызмет ету деген ұғымды білдіреді. Халық алдындағы борышын өтеу үшін бар күшін жұмсау, қажет болса, өмірін де қию - бұл сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан сіздерді бүгін берілген атақтарға лайық деп санаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети