08 қазан 2014 20:27

Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгияға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгияға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгияға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Президенті сапар аясында осы елдің, сондай-ақ Еуропалық комиссияның басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп күтілуде", - делінген хабарламада. 

Бұдан бұрын 8-9 қазанда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне барады деп хабарланған болатын. 10 қазан күні Елбасы Минск қаласында болады. Онда мемлекет басшылары деңгейінде ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары өтеді. 

Айта кетейік, жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучмамен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылып жатқаны айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети