15 қараша 2018 18:07

Назарбаев Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорын тағайындады

Асхат Маемиров

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры қызметіне Асхат Маемировты тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры қызметіне Асхат Маемировты тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Максимұлы Маемиров Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.  

Реклама
Реклама

Ғаламтордағы ашық ақпараттар бойынша, Асхат Максимұлы Маемиров 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  PhD докторы, "Болашақ" Президенттік стипендиясының иегері. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. 2008 жылы Сорбона университетінің магистратурасында білім алып, Франциядағы Париж Ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өтті. 2010 жылы Мәскеудің атақты жоғарғы оқу орны ГИТИС-те - Ресей театр өнері академиясында "Режиссура магистрі" ғылыми атағын алды.

2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторантурасын тәмамдап, "Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық пен жаңашылдық (1991-2015 жж.)" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, "Философия докторы" ғылыми дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде "Актерлік өнер" бөлімінің меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Театр өнері" факультетінің деканы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Актер шеберлігі және режиссура" кафедрасының доценті болды.

Отандық мәдениеттің қазіргі заманғы үздік арт-менеджерлері қатарына кіреді. Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар - "Қазақстанның рухани қоры" АҚ, "Қазақ әуендер" АҚ жетекшілік етті.

2017 жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі - "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанованы қызметінен босатты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram