30 тамыз 2014 16:31

Назарбаев Қарағандыда олимпиада жүлдегерлерімен жүздесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті түсірген Тұрар Қазанғапов © Суретті түсірген Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша қызмет көрсететін жаңа спорт клубының қызметімен танысты, - деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша қызмет көрсететін жаңа спорт клубының қызметімен танысты, - деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. 

Спорт кешенімен танысу кезінде Елбасының Қарағанды облысының алдыңғы қатарлы спортшыларымен кездесуі болды. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары - Сәпиев, Карпов, Жүсіпов, Барменов, Елеуов және басқа да спортшылар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын баса айта келе, кездесуге жиналғандарға жоғары спорт көрсеткіштеріне ие болуға тілектес екендігін мәлімдеді. Өз кезегінде спортшылар Мемлекет басшысына Қазақстандағы спортты дамыту мәселеріне ұдайы көңіл бөліп отыратындығына ризашылығын жеткізді.

Еске сала кетелік, бүгін, 30 тамызда Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Мұнда Елбасы бірқатар нысандармен танысып, аймақтың қоғам және кәсіпкер өкілдерімен кездесіп, Шахтер күніне және Қарағанды қаласының 80 жылдығына арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысады деп жоспарланған.

Алдында Президент барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтағандығы хабарланған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети