Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев қаражатты қандай валютамен сақтау тиімді екенін айтты

28 Наурыз 2016, 18:34
0
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. "Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операциялары және еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. Халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Данияр Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті. "Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пәрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін және оның 1,6 пайызға нығайғанын байқап отырмыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты. "Ел тұрғындары мен кәсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын біртіндеп көбейте бастады. Осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай