Назарбаев Қасымбекке: Қағаз шашатын бастық керек сіздерге

03 Ақпан 2017, 13:16
0
Назарбаев Қасымбекке: Қағаз шашатын бастық керек сіздерге - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігін берілген тапсырмаларды баяу орындауына байланысты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚР СІМ өкілдерінің айтылған тапсырмаларды баяу орындауларына және министрліктің жанындағы Экспорт жөніндегі департаменттің әлі күнге дейін құрылып жатқанына назар аударды.

"Мен басқа елдердегі бизнес басшыларымен кездесуді ұсынған кезде сен болдың ғой (министр Жеңіс Қасымбекке - автор.).  Жақында біз екеуміз Сауд Арабиясында, БАӘ-де, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда болдық. Осы елдегі кәсіпкерлер Қазақстанға қызығушылық танытады. Ал олар осында келгенде мен оларды кіммен кездестіретінімді білмеймін. Кәсіпкерлер келіп: "Біздің балалар қайда оқиды, қайда ем алатын боламыз?" деп сұрап жатады. Сондықтан біз Қазақстанда барлық жағдайдың жасалғанын көрсетуіміз керек. (...) Бұл сенің жұмысың. Маған инвесторлардың Қазақстанда өзгерістердің болып жатқанын білуі және олардың біздің елге келгені керек", - деді Назарбаев.

"Бізде бір мәселе бар, міндетті түрде "ведомство бақылап жатыр" деп айтатын басшы керек. Ол нені бақылау керек? Денсаулық сақтау министрі, білім және ғылым министрі - барлығын бірігіп, келісіңдер. Сіздерге тағы кім керек? Сіздер бір мемлекеттің министрісіңдер. Барлығын үкіметтің мүшесі болып саналасыздар. Сіздерге қағаз шашатын бастық керек", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынды премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ашты. Үкімет басшысы Президентке жыл басынан бері мемлекет үшін маңызды істер жасалып жатқанын мәлімдеді. "Сіздің осы аптада жариялаған халыққа Жолдауыңыз бойынша қажетті жұмыстар мен шараларға кірістік. Осыған байланысты үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономиканың дамуы үшін жаңадан нақты жоспарлар құрдық. Жолдауда жарияланған тапсырмалар бойынша әр салаға жауапты адамдарды тағайындадық", - деп баяндаған еді премьер-министр Нұрсұлтан Назарбаевқа.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай