1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев қатысқан "Түнгі студияда" бағдарламасының видеошолуы пайда болды

видеодан үзінді видеодан үзінді

Назарбаев қатысқан "Түнгі студияда" бағдарламасының видеошолуы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде бағдарламаның ресми парқшасында Қазақстан Президентінің қатысуымен түсірілген видеошолу пайда болды. Эфир "Қазақстан" телеарнасынан 29 қарашада сағат 23.15-те көрсетіледі деп жоспарланған. Телеарнаның мәліметінше, Назарбаев жастардың тәрбиесі, елдің болашағы және бақыты туралы тақырыпта сөз қозғаған. 

Еске салайық, 28 қарашада, Қазақстан Президенті "Қазақстан" телеарнасының "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының және шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың суреттері пайда болды.