Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындаулар өткізді

25 Қараша 2016, 19:31
0
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындаулар өткізді - Алтынбаев Мүслім © lada.kz
Алтынбаев Мүслім © lada.kz

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындаулар өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысысының өкімімен Алтынбаев Мүслім Мұхтарұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындалды", - делінген таратылған хабарламада. 

50 жастағы Мүслім алтынбаев - бұрынғы қорғаныс министрі, қазіргі сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы. 

Алтынбаев Мүслім Мұхтарұлы 1966 жылы 19 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.  Генерал-майор. (2010), 1983 жылы орта мектептен кейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2005), Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесін (1987), ҚР ҰҚК институтының курсын (1995), РФ ҚМ Әскери- дипломатиялық академиясын 1998), АҚШ Қорғаныс лингвистикалык институтының ағылшын тілі курсын (2004) бітірген. Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесінің курсанты (1983-87), II137 әскери бөлімі командирінің қарамағына жіберілді, ОҚ жалпыәскер армиясы ӘҚ іскер дивизиясы истребительдік авиациялық полкы әскери басқару командалық пункітінің офицері, ӘҚ әскері корпусы көздеу пункіті көздеу штурманы, аға штурманы, 03811 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығының көмекшісі, 14776 әскери бөлімі басқармасы бастығының аға көмекшісі, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, 21346 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығы, 22753 әскери бөлімі әскери атташесінің көмекшісі (1987-99), 22753 әскери бөлімі әскери атташесі, 14776 әскери бөлімі басқармасының әскери атташесі, 22753 әскери бөлімінің командирі, ҚР ҚМ Штабтар бастықтары к-ті төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ Бас инспекция бастығы, "Астана" аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы (1999-2010), "Астана" аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысы (2010 жылдың наурызынан). 2-дәрежелі "Айбын" ордені, өзге де медальдармен марапатталған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай