Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

03 Қазан 2017, 17:32
0
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

"Бүгін біз еліміздің мобилизацияланған дайындығын және төтенше жағдайларда не істеу керектігіне қаншалықты дайын екеніне қатысты мәселелерді талқылаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің беделі мен рөлін әрі қарай арттыру мәселесі қарастырылатын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында Қазақстан Президенті құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы органдардың мамандарын EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз еткендері үшін әрқайсысына алғыс білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай