06 шілде 2017 11:52

Назарбаев Қазақстан астанасын өзгерту туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан астанасын Астанаға көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан астанасын Астанаға көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қала қонақтарын таңғалдыратын қалаға айнады, барлық қазақстандықтардың мақтанышы болды. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, Астана өзінің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсетуі тиіс қалаға айналды. Мен тәуекелге бардым. Барлығын қойдым: саяси болашақты, өзімді және басқаларды тәуекелге қойдым. Артқа барар жол жоқ дегендей, тек алға жылжу керек болды. Біз алға жылжыдық, жеңдік", - дейді Назарбаев.

"Бір минут болса да күмәнданған жоқсыз ба?" -  деп сұрады телеарнаның журналисі Роберт Францев.

"Бір минут болса да күмәнданған жоқпын. Күмәнданған жағдайда менің қасымдағы адамдар менен де қатты күмәнданатын еді. Парламент дауыс берді, әрине, күмәнданғандар көп болды. Бастапқыда тіпті мұны әзіл деп ойлағандар да болды. Бірақ мұның әзіл емес екенін түсінген кезде олар: "Дауыс берейік. Астанамыз қашан көшіріледі? Кем дегенде 40 жылдан соң, ал ол кезде, біз, депутаттар, мұнда болмаймыз да" деп, дауыс бере бастады. Осы депутаттардың өзі кейінірек осында жүктерін алып, көшіп келді. 1997 жылы, желтоқсанның боранды күнінде", - дейді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Астана күнін тойлап жатыр. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылданған болатын. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети