14 қараша 2016 17:44

Назарбаев: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында күрделі қалыптасу жолын жүріп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 365info.kz © 365info.kz

Ширек ғасыр - тарихи уақыт, ол қазіргі заманғы әрбір жас ұлттың перспективасы мен әлеуетін айқындайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Ширек ғасыр - тарихи уақыт, ол қазіргі заманғы әрбір жас ұлттың перспективасы мен әлеуетін айқындайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бір айдан кейін  Қазақстан  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды.  Бұл мерейтойға еліміз өте белсенді дайындалып жатыр. Қазақстан алғаш рет әлем картасына енген кез біз үшін өте құнды. Тәуелсіздік - біздің халық үшін өте маңызды жетістік. Ширек ғасыр - тарихи уақыт,  ол қазіргі заманғы әрбір жас ұлттың перспективасы мен әлеуетін  айқындайды", - деді Н.Назарбаев.

Президент айтып өткендей,  Қазақстан Тәуелсіздіктің  25 жылында  қалыптасу жолын жүріп  өтті.

"Біз бұрынғы  КСРО-ның  15 республикасының аутсайдерлер қатарында болдық,  көптеген аспектілер бойынша біз нашар жағдайда тұрдық. Бізде мемлекет, институт, ақша және резерв қорлары болмады. Барлық өнеркәсіптік қуаттылықтар  Мәскеудегі орталық ведомствоның қарамағында болды. Қазақстан  өз әлеуетінің  15 пайызын басқарды. Біз адамдардың өмір сүру деңгейі, әлеуметтік даму салалары бойынша артта қалдық.  Біз барлығын жаңадан бастадық. Бізде қуатты саяси жігер болды, тәуелсіздігі бар гүлденген ел құруға ұмтылдық. Осы жылдары бейбітшілік пен тұрақтылықты 100 ұлттың өкілі мен 20 діни конфессия  біріккен елде сақтап қалдық", - деді Елбасы.

"Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан экономикасына 260 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция бағытталды. Экономикалық әлеует пен азаматтардың әл-ауқаты бірнеше есе өсті. Біз мұнай, газ қорлары бойынша 10-12-орынды аламыз. Бізде Менделеев кестесінен басқа да түрлер өте көп: темір, түсті металдар, тыңайтқыштар", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған кезеңде еліміздің мұнай-газ саласы қандай жағдайда болғанын да еске салды.

"25 жыл бұрын тиімді мұнай өндіру болмаған. Мұнай өндірудің қазіргі желілері, заманауи мұнай құбырларының құрылысы, әсіресе экспорттау қаншалықты қымбат екенін мамандар жақсы біледі. Біз осының барлығын бастап, әлемдік компанияларды тартқан болатынбыз. Ол үшін аса мол ресурстар қажет болатын", - деп қосты Н. Назарбаев.

Енді, Президенттің айтуы бойынша, Қазақстанның басты саласының сәтті дамуын еліміздің өсуі мен дамуынан, ең бастысы, жаңа Астанадан көруге болады.

Отырыс барысында Елбасы ядролық қарутақырыбына тоқталып өттіп, елдердің көшбасшыларын терроризмге қарсы күш біріктіруге шақырды.

"Жапонияға барған сапарым барысында, 1945 жылы ядролық атқылауға душар болған қалаларға арнайы ат басын бұрдым. Ядролық қаруды қолдану ғана емес, оны иемдену  моральдық тұрғыда ақталмағанына көзім жетті. Адамдарды бұқаралық қырып-жою көрінісін барлық саясаткерлер Хиросимаға келіп көруі керек.Бұл бүгінгі сияқты ірі қару болған жоқ. Небәрі  1 кг уран ғана жарылды. Ал қазір осындай жарылыс болса ше? Сондықтан да Қазақстан БҰҰ ядролық қарудан бас тарту бойынша әлемді қалыптастыру декларациясын ұсынды", - деді Елбасы.

Отырысқа қатысушыларға қарата отырып, Елбасы биыл  Семей ядролық полигонының жабылғанына  25 жыл толғанын айтты. Президент айтып өткендей, аталмыш қадам ядролық қарусызданудағы ең ірі әрі нақты шешім болып отыр.

"Қазақстан - өз еркімен  әлемдегі ең ірі полигонның бірін  жапқан алғашқы мемлекет. Өзге ядролық қаруы бар елдер әлі де  үнсіз. Бірақ, олар жабық. Қазақстанда ядролық әрекеттің бағасын жақсы біледі. Ол ядролық қарудың құрбаны болған жүздеген адамдардың өмірімен есептеледі. 1,5 млн азаматымыз радиацияға душар болды, үшінші ұрпақ әлі күнге дейін қасіретін көріп келеді. Сондықтан біз аймағымыздағы ядролық қарудан бас тартып, ядролық қарусыз ел атағын алдық", - деді Елбасы.

"Біз Қазақстан ядролық қарусыздандыруға қарсы тұру моральдық құқығына ие екенін білеміз және оған сенеміз. Мен оны өткен жылы БҰҰ-да сөз сөйлеу барысында 2045 жылға дейін барлық адамзаттың, барлық елдердің ядросыз қаруға келуі туралы айтқан болатынмын. Сол кезде "Әлем. ХХІ ғасыр" бағдарламасын ұсынып, осы мақсаттарға қалай қол жеткізу керектігін көрсеткен едім. Мен саясаткерлер де, әлем де өзара түсіністікке, жақсы жаққа қарай ілгері жылжитынына сенемін", - деді Н. Назарбаев.

"Әлемнің барлық елдері өзара бірікпесе, терроризмді жеңу мүмкін емес",  - деп қосты Н. Назарбаев.

Президент келісім болған кезде ғана террористік және экстремистік ағымдарға қарсы тұруға жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.

Сөз соғында Қазақстан Президенті Астана клубының қатысушыларын ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды.

"Бүгін Астана Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық үстінде және Қазақстан мұндай мүмкіндікті кеңес үкіметінен кейінгі елдердің ішінен бірінші болып жеңіп алды. Осы жағдайды пайдалана отырып, клубтың барлық мүшелерін алдағы жазда астанаға, көрме күндеріне шақырамын. Ашылуы 8-10 маусымда күтілуде. Дәл осы уақытта Шанхай ұйымының отырысы өтеді және барлық мемлекет басшылары қатысады деп сенеміз", - деп хабарлады ҚР Президенті Астана клубының екінші отырысы барысында.

Астанада  Астана клубының екінші  отырысы өтуде. Шараға  әлемнің  50 үздік сарапшысы мен саяси және қоғам қайраткерлері мен 21 елдің ғалымы, қазақстандық сарапшылар қатысып жатыр.

Айта кетейік, Астана клубы - халықаралық пікірталас алаңы,  ол 2015 жылы Тұңғыш Президент қорының  жетекші халықаралық ғылыми орталықтардың бірігуімен құрылған болатын. Ең алғашқы отырыс  2015 жылдың қарашасында өтті, шараға  15 елдің  47 сарапшысы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети