Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Қазақстанды жұмақ деп атады

10 Сәуір 2015, 12:31
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жұмақ деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар форумы өтіп жатыр. Оған қатысып отырғандардың саны екі мың адамнан асады.

"Қазақстан - ыстық жаздай болып келетін көктемі жақсы, күзі әдемі, қысы аппақ, біздің сүйікті Отанымыз. Біз үшін Жер бетінде Қазақстаннан артық жұмақ жоқ. Бұл жерде біздің ата-бабамыз өмір сүрген, бұл жерде біз өмір сүріп жатырмыз және ғасырлар бойы біздің ұрпағымыз өмір сүретін болады. Бізге үнемі қиын, бірақ өмір сонысымен қызық. Қазақстан суық климатты бейтараптауға қуаттың көп бөлігін жұмсайды, бізде ауа температураларының арасында үлкен айырмашылық бар", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, кей адамдар: біз неге Батыс Еуропа, Араб Әмірліктері немесе Америкадағыдай өмір сүрмейміз деп сұрайды.

"Бәрі біз ойлағандай айқын емес. Біздің экономикамызға түбегейлі әсер ететін анық және қарапайым факторлар бар. Бұл климат, үлкен арақашықтық, теңізге шығатын жолдың болмағандығы. Осы жылдар ішінде біз көп жағдайға қарамастан алға жылжып келеміз. (...) Біздің ерекшелігіміз де сол климат пен географияда. Дамыған елдерде біздегідей аязды қыс жоқ. Оларда теңіз бен мұхитқа шығатын жол бар", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай