27 қыркүйек 2014 09:34

Назарбаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын Еңбек күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын Еңбек күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті, қазақстандықтар! Мен Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл біз бұл мерекені алғаш рет атап өткелі отырмыз. Еліміз "Қазақстан 2050" стратегиясының негізгі тұғыры – Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жолында сеніммен алға басып келеді.

Қазақстан экономикасында заманауи зауыттар мен кәсіпорындар, жаңа күре жолдар салынып, ондаған мың жаңа жұмыс орындары ашылуда. Көлік және әуе кемелерін жасау, локомотивтер мен ғарыштық аппараттар шығару және өзге де көптеген жоғары технологиялық салалар пайда болуда.

Біз ауылшаруашылығын дамытудың, шағын және орта бизнесті қолдаудың ауқымды бағдарламаларын іске асырудамыз.

Кәсіби мамандар даярлау саласында сапалы өзгерістер жүзеге асырылып, дуальды білім жүйесі енгізілуде.

Жоғары нәтижелі еңбек етуді ынталандыру үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы және «Еңбек ардагері» арнайы медалі беріледі. Бұл марапаттар жыл сайын үздік ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне, металлургтерге, мұнайшыларға, ұстаздарға, дәрігерлерге және өзге де кәсіп өкілдеріне тапсырылады.

Еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымыз жетілдірілуде, кәсіподақтардың орны нығая түсуде.

Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбегі Қазақстанның ұлы мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі болмақ.

Бүгінгі мереке күні мен барлық отандастарыма зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар және амандық тілеймін!", - деген Қазақстан Республикасының президенті. 

Бұған дейін Еңбек күні мерекесі қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетінін хабарлаған болатынбыз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети