Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2016 жылмен құттықтады

01 Қаңтар 2016, 00:13
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2016 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Санаулы сәттерден соң біз жаңа - 2016 жылға қадам басамыз! Жаңа жыл - бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. "Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды. Қазақстан дағдарысқа қарамастан, өзінің құтты қадамын жалғастырды.

Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға әйгіледік. Ұлы Далада ұлт атауымен  мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлықтадық. Бақ-берекеміздің ұйытқысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақтың санасына сіңірдік. Қазақтың үшінші ғарышкері көк жүзіне самғап, мерейімізді өсірді. Саудамыз сапалы, тауарымыз тартымды болуы үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болдық. Биылғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дәлелдедік", - деді Президент қазақстандықтарға өз құттықтауында.

"Ардақты ағайын! Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді. Еліміз келер жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығады. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде  әлемге танытты. Бағытымызды белгілеген Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді. Алдағы Мешін жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, табыс әкелсін! Еліміздің ырыс-несібесі молынан болып, татулығы арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай