Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл - біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт. Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын! Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды. Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан - Парламент сайлауын өткіздік",- деді Елбасы.

"Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық. Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады. Бұл - кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет. Келер жылы Астана меймандары "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде бас қосатын болады. Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады. Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді",- еске алды Мемлекет басшысы.

"Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады. Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз. Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!", - деп құттықтады сөзінде Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer