12 қыркүйек 2016 09:29

Назарбаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Назарбаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Назарбаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.  Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды", - делінген ел Президентінің құттықтауында.

 

Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды.  

"Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін!Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!", - деді Назарбаев.

Құрбан айт - құрбандық шалу мейрамы. Бұл күні мұсылман қауым Құрбан айтта оқылатын намазды оқып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіріп, бірі-бірінің үйлеріне қонаққа барады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети