30 тамыз 2014 10:09

Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фото REUTERS Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фото REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ресми БАҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ресми БАҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. 19 жыл бұрын осы күні халқы­мыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады. Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды. Мемлекет пен қоғамның ор­нық­ты дамуына жол ашқан Конс­титуцияның әлеуеті жоғары эко­номикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді" делінеді Елбасының құттықтау сөзін жариялаған  "Егемен Қазақстан" газетінің бүгінгі нөмірінде.

"Біздің Конституциямыз - "Қазақ­стан-2050" Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі. Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конститу­ция­сының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ын­тымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!", - деді Назарбаев.

Бүгін 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр. Мерекеге байланысты алдағы дүйсенбі, 1 қыркүйек демалыс боп бекітілді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети