27 қараша 2017 16:06

Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети