02 наурыз 2016 13:10

Назарбаев: Қазір саясаткерлер мен елшілерге қиын кезең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездеcу барысында экономикалық дағдарыс жөнінде айтып өтті, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездеcу барысында экономикалық дағдарыс жөнінде айтып өтті, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жыл да келді. Көріп отырғандарыңыздай, бұл жыл оңай болмайын деп тұр. Экономика мен әлемдік саясатта жағдай бірден жақсарып кете қоймайды. Сондықтан да бізге дұрыс жұмыс істеу керек", - деді Назарбаев кездесу барысында.

Ол елдің амандығы бәрінен бұрын экономикаға, елдің экономикалық жағдайына тәуелді екенін жеткізді. "Қазақстан кейбір жылдары өте үлкен жылдамдықпен - 9-10 пайызға дамып отырды, қазіргідей қиын кезеңдерге арнап ресурс та жинап алды, енді басқа елдер сияқты дағдарыс жағдайында жұмыс істеуіміз керек. Мен бұрынғы кеңес заманының елдерін айтпай-ақ қояйын. Мысалы, Еуропаның өзіне 800 мыңнан аса босқын келді деп жатыр. Қазақстанға, өздеріңіз білетіндей, 6,5 миллион адам келген, ал біз оған төздік. Сондықтан да бұл қиындықтардың барлығы мемлекетіміздің экономикасына байланысты", - деді Мемлекет басшысы.

Ол үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында экономиканы қолдауға, жұмыс орындарын ашуға 2 триллион теңгеден аса қаражат бөлуді тапсырғанын мәлімдеді. "Бұл бізге жұмыс орындарын қысқартпай, жұмыссыздықты осы деңгейде ұстап тұруға жеткілікті. Ауыр өнеркәсіптер мен экспорттық ресурстар қазір ауыр жағдайды бастан кешіріп жатыр. Біздің көршілерімідің ішінде Ресейдің экономикасы қатты құлдырады. Санкциялар бізге де әсер етіп жатыр. Сауда көлемі 20-25 пайызға азайды. Қытай экономикасының құлдырауы да әсер етеді", - деді Мемлекет басшысы.

"Өмір сүріп үйрену керек. Бұл оңай емес. Адам жақсылыққа бірден үйренеді, ал артқа қарай шегіну қиын. Сондықтан да қазір саясаткерлер мен дипломаттарға қиын кезең. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты сақтай отырып, экономика, саяси жағынан көршілерді қыспай, одан бірге шығу - менің ойымша, бұл біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан да, елшілер үшін бұл нағыз жұмыс уақыты. Қиын кезеңдерде де елдер арасындағы сенімділікті қамтамасыз ету керек. Қиындық та, дағдарыс та мәңгілік емес. (...) Мен біздің осы жылдан аман шыққанымызды қалаймын. Сонымен қатар, биыл біздің мемлекеттер үшін жаңа өзгерістерге толы болады, келесі жылды бұдан жоғары көңіл-күймен қарсы аламыз деп сенемін", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети