08 сәуір 2016 12:15

Назарбаев келесі аптада Иран, Түркия және Өзбекстанға барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы 11-15 сәуір аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы 11-15 сәуір аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 11-12 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барады. Екі мемлекет басшылары Хасан Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл жайы қарастырылады.

13-14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барады. Саммиттің негізгі тақырыбы - "Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін". Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделіп отыр.

15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети