Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

17 Маусым 2014, 18:35
0
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. ©Аkorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. ©Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент министрліктің басым бағыты қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы күштерді қажетті жауынгерлік арсеналдармен қамтамасыз ету, әскердің ұрысқа дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін шешу екенін атап өтті.

Серік Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің ағымдағы қызметі туралы баяндап, Қарулы күштердің ұрысқа дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру жөніндегі жүйелі жұмыстардың жалғасатынын айтты.

Қорғаныс министрі Қазақстан әскерін одан әрі кәсібилендіру, қазіргі заманғы қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі шаралар туралы да хабардар етті. 

Сонымен бірге, Ахметов Президентке жуырда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесі отырысының қорытындысы туралы да әңгімелеп берді. Кездесу соңында Елбасы министрге бірқатар нақты тапсырма жүктеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай