03 қыркүйек 2019 14:11

Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды elbasy.kz.


Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында Елбасына еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар туралы ақпарат берілді.

Кездесуде басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті келесі жылы елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне аралаған Әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев отандық қорғаныс өнеркәсібінің Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай сапалы жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының құрылыс және даму бағдарламаларының орындалуы туралы баяндады. Қорғаныс министрінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта  әскери техниканың заманауи үлгілері және жүйелерімен жабдықтау жалғасуда, Қарулы Күштерді жан-жақты қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілуде, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау бойынша шаралар қабылдануда.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети