19 қараша 2018 21:49

Назарбаев көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті көшедегі және басқа да қоғамдық жерлердегі қылмыс деңгейін төмендетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті көшедегі және басқа да қоғамдық жерлердегі қылмыс деңгейін төмендетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрлігіне тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатынын айтып, оған жоғары жалақы төленетін мейлінше білікті оқытушылар іріктеліп алынатынын атап өтті.

"Қазіргі полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұр. Заманауи стандарттарға сай келетін қызметкерлер ғана қалады. Осы сынақтан өтпегендердің орнына лайықты қызметкерлерді алу керек. Қазақстанда іріктеуді сапалы жүргізуге зор мүмкіндіктер бар - жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары 20 мыңнан астам заңгер дайындап шығаруда", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ішкі істер органдарынан жұмыстың сервистік моделіне көшуді талап етті.

"Жыл сайын полицияға 4,5 миллионнан астам азамат шағымданады, ал оларды қабылдау үшін жағдай жасалмаған. Егер басына іс түскен адам келсе, оны тезірек әрі сыпайылықпен қабылдау керек. Бірақ бұл - бітер істің жартысы ғана. Оның проблемасын шұғыл әрі заңға сәйкес қарастыру қажет. Халықпен жұмыс істеудің заманауи форматы дегеніміз осы", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кестесі ыңғайлы, сондай-ақ жайлы, техникалық тұрғыдан жақсы жарақтандырылған фронт-кеңселер құруды тапсырды.

"Қызметкерлердің жұмысында дөрекілік пен менсінбеушілік болмауға тиіс. Біреу қылмыстың құрбаны болса, немесе оған сондай бір қауіп төнсе, ол қауіпсіздікті сезінбейінше, жайлы өмір сүріп, жұмыс істей алмайды", - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті полиция қызметін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізуді тапсырды.

"Критерийлер шынайы әрі тексерілетін болуға тиіс, сондай-ақ онда полиция жұмысының сапалы орындалуы мен осы жұмыстардың тиімділігіне халықтың баға беруі көрініс табуы керек. Бұл үшін мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтерімен қатар, әлеуметтік зерттеулерді де пайдалану қажет. Азаматтардың сенімі, жайлы тұрмысы мен қауіпсіздігі полицияның тиімділігін бағалаудың негізіне айналады. Есептік көрсеткіштерді арттыру үшін жұмыс істеу өткеннің еншісінде қалуға тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығына назар аударды.

"Ішкі істер органдарының жұмысына цифрлық технологияны жаппай енгізу қажет. Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанның барлық қалалары қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықталады. Тұрғындармен онлайн режімдегі кері байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін қызмет түрлері енгізілетін болады. Заманауи технология полиция қызметінің барлық саласын қамтиды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті цифрландырудың сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ, басқару буындары мен штат санын одан әрі оңтайландыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы полиция қызметін ғана емес, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басқа да құрылымдарын реформалау қажеттігін айтты.

"Қылмыстық-атқару жүйесіне де маңызды өзгерістер енгізілетін болады. Зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлер басқа сотталушылардан бөлек ұсталады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін мейлінше төмендету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

"Адамдар өз болашағына алаңдамауға, қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болуға тиіс. Азаматтардың жеке басы мен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Полиция жұмысы тиімділігінің негізгі критерийінің мәні осында", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети