12 қаңтар 2016 22:49

Назарбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.kz © knb.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Өсіпов Марат Сапарұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Марат Өсіпов осыған дейін Алматы қалалық ҰҚКД басшысының қызметінде болған.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы Владимир Жұмақановтың кандидатурасын таныстырған болатын. Сол кезде елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Нұртай Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты. Нұртай Әбіқаев Сенат депутаты болып тағайындалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети