16 қаңтар 2017 13:05

Назарбаев Қырғызстандағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әуе апатынан қаза болғандардың саны 33 адамнан асқан. Оқиға орнына елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев келген.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды. Агенттік Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети