Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Қытай еліне лаңкестердің қолынан қаза тапқан адамдарға байланысты көңіл айтты

03 Наурыз 2014, 19:11
0
Фото @Reuters
Фото @Reuters
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Куньмин қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев Куньминде көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағанын айтқан.

«Адамзатқа қарсы қылмыстарға ешқандай ақтау болмайтынын және мұндай жантүршігерлік әрекеттерді Қазақстан қатаң айыптайтынын атап өтемін. Халықаралық қоғамдастық қара ниет пен қазіргі замандағы қауіп-қатерлердің тамырына балта шабуға күш-жігерін жұмылдыруға тиіс», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге және қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

Бұған дейін Юньнань провинциясындағы Куньмин қаласының теміржол вокзалында қара киім мен қара бетперде киінген белгісіз біреулердің адамдардың басын кесіп кеткені хабарланған еді. Қытай билігі бұл оқиғаны ұйымдастырылған террорлық әрекет деп бағалады. Лаңкестік әрекет салдарынан 29 адам құрбан болып, 130-дан аса адам жараланған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай