01 қараша 2015 12:04

Назарбаев Қытаймен мемлекеттік шекара жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.

Президенттің сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтарының қызметін кешенді реттеуге бағытталған "Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойғаны хабарланды.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети