Назарбаев Литваның және Люксембургтің премьер-министрлерімен кездеседі

19 Мамыр 2015, 11:55
0
Назарбаев Литваның және Люксембургтің премьер-министрлерімен кездеседі - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің ресми сайтында олардың кездесуі 21 мамырда өтетіні хабарланған. Ал келесі күні, 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум "Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері" тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай