Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Мәжіліс спикерімен және премьер-министрмен сайлау бойынша кеңес өткізді

18 Қаңтар 2016, 16:27
15
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты.

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының парламент сайлауын өткізу туралы бастамасының сарапшылар қоғамында және БАҚ-та кеңінен талқыланып жатқанын айтты.

Ақорданың мәліметінше, Назарбаев бұл ұсыныстың жүргізілген сауалнамаларда да кең қолдау тауып жатқанына назар аударды. Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.

Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұраған еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (15)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай