Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Мақсұт Нәрікбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

12 Қазан 2015, 19:25
0
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті көрнекті заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Мақсұт Сұлтанұлының білікті заңгер және іскер ұйымдастырушы ретінде танылғаны атап өтілген. Бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы, Мемлекеттік заң академиясының ректоры қызметтерін атқарған Мақсұт Нәрікбаев Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосты.

Сонымен қатар, ол елдің саяси және қоғамдық өмірінде елеулі із қалдырған "Әділет" партиясын құрды. Еңбегі үшін республиканың жоғары наградаларымен марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Мақсұт Нәрікбаевтың есімі мен еңбегін ұмытпайтынын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай