04 қыркүйек 2014 17:34

Назарбаев мал шаруашылығын дамытуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "Кутузовка-Әліби" ЖШС алқаптарында егілген астықтың жағдайымен және өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімдерінің үлгілерімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "Кутузовка-Әліби" ЖШС алқаптарында егілген астықтың жағдайымен және өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімдерінің үлгілерімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласын дамытуға ерекше мән берді. "Егін егу мен оны жинап алу, әрине оңайырақ, бірақ ет өндірісі астық өндірісінен бес есе тиімді. Біз осыны ойлануымыз керек. Мұнымен қыста да, жазда да айналысуға болады. Бұл ауыл халқының жұмыспен қамтылуына оң әсер етіп, ауыл еңбеккерлерінің табысын арттырады", - деді Мемлекет басшысы. 

Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдары егістігі 4,3 миллион гектар болды, ал салаға бөлінген субсидиялар шамамен 17 миллиард теңгеге жетті. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті барлық өзгерістерден хабардар болу үшін жұмысының аса қауырттығына қарамастан еліміздің ауыл шаруашылықты облыстарын аралауға уақыт табатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта мемлекет аграрлық секторға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. "Аграрлық секторды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы іске қосылды. Оның негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру. Бұл өте маңызды және ауқымды жұмыс", - деді Елбасы.

Әңгіме барысында ауа райы дәл осындай Канадада гектарынан 20-25 центнер астық жиналатыны, ал Қазақстанда орташа астық шығымы 15 центнерден аспайтыны да айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев аграршыларды озық технологиялар мен жұмыстың заманауи тәсілдерін белсене қолдануға шақырды.

Қазақстан Президенті ұдайы көңіл бөлуді қажет ететін тағы бір маңызды мәселе ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуды атады. "Біз бидайды ұнға айналдырамыз, енді ары қарай жүріп, макарон және басқаларын өндіру керек, яғни өнімдеріміздің қосымша құнын арттыруды ойлау қажет. Қазір Кеден одағы аясында қазақстандық өндірушілердің алдынан орасан мүмкіндіктер ашылуда, мұны пайдалана білу керек. Таяу уақыттарда отандық өнімдерді Иран арқылы Парсы шығанағына шығаруға жол ашылады. Сондықтан бізге экспортқа бағдарланған өнімдерді көбірек өндіру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар әлеуметтік саланы дамыту мәселесі де қозғалды. Мемлекет басшысы агрокәсіпорындардың басшыларын ауыл тұрғындары да қала тұрғындары секілді жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болуы үшін қажетті нәрсенің бәрін жасауға шақырды. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Қазақстан Президентіне өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы мен жиын-терін науқанын өткізуге дайындық туралы баяндады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети