06 сәуір 2015 15:53

Назарбаев Мамытбековті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ақорда баспасөз қызметі ©Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Хабарламада Асылжан Мамытбековтің министрліктің қазіргі қызметі, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндағаны айтылады.

Нұрсұлтан Назарбаев республика алдында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды. "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық жағдайын тәртіпке келтіру керек. Кәсіпорындар осы мақсатқа бөлінген мемлекеттік қаражаттың нәтижесін көрсетуі тиіс. Басымдығы бар тағы бір мәселе - негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету кезіндегі импорталмастыру. Қазіргі уақытта импортталып отырған құс еті, шұжық өнімдері, алма сияқты өнім түрлері бойынша өз өндірісімізді жолға қою қажет. Жалпы, қайта өңдеуді ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізу қажеттігін де атап өтті. "Күзгі ылғал сіңіру жақсы болды. Топырақ ылғалының жоғары болғаны бір жағынан пайдалы, бірақ көктемде қызылсу мол болады деп болжануда. Бұған тиісті қызметтер дайын болуы керек. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарына айрықша назар аудара отырып, халыққа уақытылы ескерткен жөн", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Асылжан Мамытбеков көктемгі егістік жұмыстары елдің оңтүстік өңірлерінде басталып кеткенін, солтүстік облыстарда дайындық жүріп жатқанын айтты. Бұл шараларға қажетті техника бар, аграршылар жанар-жағар маймен және республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге көлеміндегі несиелермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ өзге де көздерден қаржыландыру жүзеге асырылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрі 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2014 жылы бірінші рет импорттың 6 пайызға, соның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт 10 пайызға төмендегені байқалғанын атап өтті. Жалпы, сырттан әкелінетін ауыл шаруашылығы шикізаты мен өңделген өнімдердің көлемі 4 миллиард долларды құрайды. Соның 1 миллиардқа жуығы еліміз өндіре алмайтын тауарларға тиесілі. "Біздің мақсат - ел ішінде шығаруға қажетті барлық мүмкіндігі бар өнімдердің өндірісін қамтамасыз ету", - деді Мамытбеков. Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында салық заңнамасына өзгерістер енгізілгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети