05 маусым 2018 14:39

Назарбаев Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті саммитті өткізуге тыңғылықты дайындалу қажеттігін айтты.

"Ақтауда бес елдің делегациялары қатысатын Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

"Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалып отыр. Сіздің қойған міндеттеріңіздің бәрі іске асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндірістің көлемі 100,1 пайызға жетті", - деді Маңғыстау облысының әкімі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети