06 желтоқсан 2016 17:41

Назарбаев Машкевичті марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Александар Машкевичті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Александар Машкевичті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті елдің ең үздік тауар өндірушілерін "Алтын сапа" сыйлығымен мараптаттады. "Сапа көшбасшысы" номинациясы бойынша "Қазақстандық электролизді зауыт" (Павлодар облысы) лауреат атанды. ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Елбасының қолынан сыйлық алды.

"Үздік индустриалды жоба" номинациясы бойынша Атырау облысының "АтырауМұнайМаш" ЖШС "Алтын сапа" сыйлығын иеленді. Сыйлықты компания құрылтайшысы Сағат Түгелбаев алды. "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының "Химфарм" акционерлік қоғамы жеңімпаз атанды. Зауыт директоры Рүстем Байғарин Президент қолынан сыйлық алды. "Парыз" әлеуметтік жауапкершілік бойынша республикалық конкурсының гран-при жүлдесін Батыс Қазақстанның "Ақсайгазсервис" акционерлік қоғамы иеленді. Сыйлықты Тілек Шектібаев алды.

Александр Машкевич - қазақстандық кәсіпкер, миллиардер, әлемдегі ең ірі Eurasian Resources Group (ERG) (бұрынғы ENRC) мұнай өндіруші компаниясы иеленушілерінің бірі.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети